2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды

2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып отыр.

Мен биылғы жолдауымда цифрлық мемлекет болуымыз керектігін жарияладым. Сондықтан келесі жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атау туралы шешім қабылдадым. Озық технологиялар еліміздің барлық саладағы әлеуетін арттыруға жол ашпақ, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылған.