Таразда мейрамхана өртеніп, жүзге жуық адам құтқарылды

Таразда мейрамхана өртеніп, жүзге жуық адам құтқарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

Оқиға жаңа жыл түні болған. Тараздағы Жамбыл даңғылында орналасқан мейрамханада өрт шығып, жүзге жуық адам эвакуацияланған.

Өрт сөндірушілер отты жедел ауыздықтап,  оттың мейрамхананың негізгі ғимаратына және жақын маңдағы жанармай құю станциясына таралуына жол бермеді, – делінген хабарламада.

Өрт шамамен 300 шаршы метр аумаққа таралған. Зардап шеккендер жоқ.