Қар аралас жаңбыр: Астана әуежайында 15 рейс кешікті

Бүгін қар аралас жаңбыр жауып, ауа райы күрт бұзылуына байланысты Астана әуежайында бірқатар әуе рейстері кешігіп ұшты.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының мәліметінше, қазіргі уақытта әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданып, ұшу-қону процестері тұрақты бақылауда.

Қазіргі жағдай бойынша:

  • қонатын 11 рейс кешіктірілді;

  • бір рейс тоқтатылды;

  • Астана әуежайынан ұшуы тиіс төртрейс уақытында ұша алмады.

Әуежай әкімшілігі жолаушыларды рейс мәртебесін алдын ала нақтылап, ауа райына байланысты мүмкін болатын өзгерістерді ескеруге шақырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да