«Менің атым Қожада» бас рөл сомдаған Нұрлан Сегізбай қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы қайтыс болды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап отыр.

Нұрлан Сегізбай халыққа режиссер Абдолла Қарсақбайдың «Менің атым Қожа» фильміндегі бас рөлімен танымал.

Биылғы сәуір айында актер ауыр дертке шалдыққаны белгілі болған еді. Ауруының атауы — созылмалы обструктивті өкпе ауруының 4-кезеңі. Сонда дәрігерлер алты ай ғана өмірі қалғанын айтқан.

Нұрлан Санжарұлы 1951 жылғы 28 қаңтарда дүниеге келген. Ол – кеңес және қазақ киноактері, сценарист, кинодраматург, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты. Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі.

Ол «Бату хан», «Жошы – кү­т­пеген қонақ» тарихи ро­мандарын, «Қызыл қар» повестер жинағын, «Періште» деген кітап жазған.

Актер 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Baribar.kz порталы Нұрлан Сегізбайдың отбасына, туыстарына қайғырып, көңіл айтады.