Қарағанды облысында Қазақстанның бірнеше ірі қаласында ұрлық жасаған 27 жастағы баукеспе ұры қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
Тергеу барысында күдіктінің тек Қарағанды қаласында ғана емес, сонымен қатар Астана, Шымкент және Тараз қалаларында да қылмыс жасағаны анықталды. Ол Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен ұялы телефон ұрлағаннан кейін полицияның назарына іліккен.
Құқық қорғау органдары бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият зерделеп, куәгерлерден жауап алу арқылы күдіктінің ізіне түскен.
Полиция мәліметінше, тергеу барысында оның Қарағандыда және еліміздің басқа өңірлерінде жасалған кемінде төрт ұрлыққа қатысы бар екені белгілі болды.
Сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін күдікті қамауда болады. Бұл шешім оның жаңа қылмыстар жасауына немесе соттан жасырынуына жол бермеу мақсатында қабылданды.
