Не болды?
Дүниежүзі банкінің деректеріне қарағанда, Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында өмір сүру ұзақтығы жағынан көшбасшы. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 75,4 жасқа жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр.
Мәлімет
Қазақстанда жалпы және нәресте өлімінің төмендеуін, сонымен қатар өмір сүру ұзақтығының өсуін қоса алғанда, халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің тұрақты оң динамикасы тіркелді. Биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша халықтың жалпы өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға, нәресте өлімі 18,7%-ға төмендеді, — делінген хабарламада.
БҰҰ-ның адами даму индексі бойынша Қазақстан былтырғы жылмен салыстырғанда биыл өз позициясын жеті тармаққа жақсартып, 193 елдің ішінде 60-шы орынға ие болды.
Контекст
Еске салайық, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында БҚО-да 50 медициналық нысан қолдануға берілді.
Ауылдағы медицина саласында қандай өзгеріс болып жатыр?
