2025–2026 жылдардың қысқы маусымында қала аумағында 11 әлеуметтік (тегін) мұз айдыны істейді. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бұл мұз айдындары мына аудандарда орналасқан:
• Бостандық ауданы – Тұңғыш президент саябағы және Тұңғыш президент қорының саябағы (Ганди көшесі);
• Алатау ауданы – Almaty Arena;
• Медеу ауданы – Республика сарайы, «Халық Арена», 28 панфиловшылар саябағы;
• Наурызбай ауданы – аудан әкімдігі аумағында;
• Түрксіб ауданы – «Авиатор» стадионы;
• Жетісу ауданы – Kokjiek Garden және «Гүлдер» саябақтары;
• Алмалы ауданы – ҚБТУ автотұрағы аумағында.
Әлеуметтік мұз айдындар қыс бойы ашық болады, кіру тегін.
