Бүгін, 22 желтоқсан күні Қазақстанның екі қаласында атмосферада ластаушы заттардың жоғары деңгейде шоғырлану күтіледі.
Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.
Бұл зиянды қоспалардың ауаның төменгі қабатында шоғырланып, таралмауына әсер ететін бірқатар ауа райы факторының үйлесуіне байланысты болып отыр.
2025 жылғы 22 желтоқсанда Ақтөбе қаласында, ал түнгі уақытта Атырау қаласында ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМУ) – бұл атмосферадағы ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, олардың шоғырлануына ықпал ететін ауа райы құбылыстары.
