Қар аралас жаңбыр: ТЖД Алматы тұрғындарына ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Алматыда алдағы бір аптада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындарына ескерту жасады. Күн күрт бұзылуына байланысты 15 желтоқсанда Алматы жолдарында көктайғақ болып, таулы аймақтарда қар жауып, ауа температурасы төмендейді.

ТЖД жолда және таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Бір аптаға арналған болжам:

  • Дүйсенбі, 15 желтоқсан, құбылмалы бұлтты, күндіз -1°, түнде -3°
  • Сейсенбі, 16 желтоқсан, бұлтты, күндіз +3°, түнде +3°
  • Сәрсенбі, 17 желтоқсан, жаңбыр, күндіз +7°, түнде -1°
  • Бейсенбі, 18 желтоқсан, жаңбыр аралас қар, күндіз +5°, түнде -3°
  • Жұма, 19 желтоқсан, қар, күндіз +1°, түнде -8°
  • Сенбі, 20 желтоқсан, құбылмалы бұлтты, күндіз -6°, түнде -14°
  • Жексенбі, 21 желтоқсан, құбылмалы бұлтты, күндіз -8°, түнде -6°.