Айбек Смадияров Ақордада жаңа лауазымға тағайындалды

Айбек Смадияров президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен аптада Айбек Смадияров сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі – баспасөз қызметшісі лауазымынан кететінін мәлімдеген болатын.