13 желтоқсанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

“Қазгидромет” РМК синоптиктері 13 желтоқсанда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялап отыр.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылордада тұман болады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оралда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады.

Атырау облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Атырауда жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 13 желтоқсанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбар, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Семейде түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбар, қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Өскеменде күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын болады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Таразда кей уақыттарда тұман түседі. Түнде көктайғақ болады.

Қостанай облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жезқазғанда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады.

Қарағанды облысында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Қарағандыда қар, бұрқасын, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын болады.

Астанада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын боладыі.

Ақмола облысында қар, бұрқасын болады.