Қарағандыда пойыз бен жеңіл көлік соғысты

Қарағанды облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысуы салдарынан бірнеше адам жарақат алды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлап отыр.

Оқиға «Қарағанды–Сұрыптау станциясы — Құлайғыр станциясы» теміржол учаскесінде болған. Полицияның мәліметінше, 35 жастағы Audi жүргізушісі тыйым салынған қызыл бағдаршамды елемей, теміржол өткеліне кіріп кеткен. Сол сәтте келе жатқан жүк пойызымен көлік соғысқан.

Апат нәтижесінде жүргізуші мен көліктегі төрт жолаушы түрлі жарақаттар алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысында қатысушылардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға берілмек.