Ашхабадта өтіп жатқан Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумда Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаға қатысты ойын айтты.
Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Қазақстан президенті БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды деп санайды.
Тоқаев сонымен қатар Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіретінін атап өтті.
