«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 12 желтоқсанда таңғы 07:00-де еліміздегі республикалық трассалардағы қозғалыс жағдайына қатысты жаңартылған ақпарат жариялап отыр.
Ауа райының тұрақталуына байланысты бірнеше өңірде жолдар қайта ашылды.
Қозғалыс толық ашылған аймақтар:
Алматы облысы:
• «Қонаев — Күрті» автожолының 0–67-шақырымы – барлық көлік үшін ашық.
Қызылорда облысы:
• «РФ шекарасы — Қорғас — ҚХР шекарасы» бағытының 1240–1806-шақырымы (Ақтөбе облысы шекарасы – Қызылорда қаласы).
Ақтөбе облысы:
• Сол бағыттағы 1153–1240-шақырым (Ырғыз – Қызылорда облысының шекарасы).
Қозғалысы шектелген учаскелер
Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көріну төмендеуі, қар) келесі өңірлерде шектеу сақталуда:
Жетісу облысы:
• «Сарыөзек – Көктал» жолының 40–68-шақырымы – Алтынемел асуы бағытында жүк және қоғамдық көліктерге шектеу.
Барлық көлік түріне жабылған жолдар
Жамбыл облысы:
• Қордай асуының жаңа айналма жолы (159–238 км). Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асып жатыр.
Жетісу облысы:
• «Сарыөзек – Көктал» (0–68 км);
• «Үшарал – Достық» (84–164 км).
Абай облысы:
• «Алматы – Талдықорған – Өскемен» (778–967 км, Аягөз – Қалбатау).
Маңғыстау облысы:
• «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Шетпе – Ақтау» (338–642 км);
• «Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» (91–161 км).
Алматы облысы:
• «Астана – Қарағанды – Алматы» тасжолының Қаншеңгел – Ақсай аралығы (2295–2436 км).
Павлодар облысы:
• «Астана – Павлодар – Успенка» жолындағы «Қалқаман» айналма жолына кіретін учаске.
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді жолға шығуды кейінге қалдыруға, ауа райы болжамдарын бақылауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
