Астанада Қонаев көшесіндегі қозғалыс қайта жанданады

Не болды?

Астанада 28 қазаннан бастап Қонаев көшесі бойында көлік қозғалысы қайта жанданады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мәлімет

Бүгіннен бастап Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы қалпына келтіріледі. «Астана опера» театры жанындағы көпірдегі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қазіргі уақытта көпірдің үстіңгі бөлігінде және іргелес аумақта әрлеу жұмысы жалғасып жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, Астанаға LRT желісін сынақтан өткізу бойынша жоспарлы іс-шаралар жалғасып жатыр. Қалаға тағы екі жылжымалы құрам жеткізілген еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да