WorldSkills Kazakhstan–2025: Алматы құрамасы республикалық чемпионатта бірінші орын алды

Астанадағы Qazaqstan спорт кешенінде WorldSkills Kazakhstan–2025 Х республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті.

Биылғы додада алғаш рет Алматының колледждер құрама командасы жалпыкомандалық есепте үздік шығып, 1-орынға ие болды.

Чемпионат ауқымы кеңейіп, биыл 15 жаңа құзыреттілік енгізілді. Байқауға еліміздің 20 өңірінен 825 студент және 719 сарапшы қатысты. Алматы атынан 44 құзыреттілік бойынша 52 қатысушы мен 44 сарапшы өнер көрсетті.

b07aebb63c8f1c65f97864cd006a4568 WorldSkills Kazakhstan–2025: Алматы құрамасы республикалық чемпионатта бірінші орын алды
WorldSkills Kazakhstan–2025 Х

Нәтижесінде алматылық жастар:

  • бес алтын,

  • бес күміс,

  • үш қола медаль,

  • 19 «Үздік» медальонын жеңіп алып, медаль саны бойынша көш бастады.

Іс-шара Қазақстан президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылына орай ұйымдастырылды. Чемпионат техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін арттырып, жастарды сұранысқа ие мамандықтарға ынталандыруды мақсат етті.