Абай облысында боран салдарынан жолда қалған жүргізушілер эвакуацияланды

Абай облысында 10 желтоқсандағы қолайсыз ауа райы салдарынан бірнеше автожол жабылып, жүргізушілер қиын жағдайға тап болды.

Бұл туралы облыстық ПД хабарлап отыр.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқарып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылдады.

Жарма ауданындағы Қалбатау – Көкпекті бағытында көктайғақ пен нашар көріну салдарынан 13 жеңіл және 25 жүк көлігі жолда қалып қойған. Барлық жүргізуші мен жолаушы жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізіліп, онда 24 адамға қажет көмектер көрсетілді, — делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері жүргізушілердің бағытын нақтылап, жабық жол учаскелері туралы ескертіп, адамдардың қауіпсіз жерге жетуін ұйымдастырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да