Алматыда автобус жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті

Алматыда телефонға алаңдаған автобус жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті. Бұл туралы ПД хабарлап отыр.

Алматының Алмалы ауданында Төле би даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатқан автобус жүргізушісі Исаев көшесімен қиылыста 2007 жылы туған қыз баланы қағып кеткен. Ол жолдан өтуге арналған белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Автобус жүргізушісі қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әсіресе жолаушы тасымалдаумен айналысатын жүргізушінің жолда ұялы телефонға алаңдауы – мүлде жол беруге болмайтын әрекет. Әр жүргізуші жолда барынша мұқият болуға тиіс, өйткені оның назарында – адамдардың өмірі. Алматы қаласының полициясы қоғамдық көлік және жеке автокөлік жүргізушілерін тағы да жолда сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндірмеуге шақырады, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да