Астанадағы оқушылар қашықтан оқуға көшті

Астананың білім басқармасы аяздан оқушылар қашықтан оқуға көшкенін хабарлап отыр.

Ауа райы нашарлағандықтан, 10 желтоқсанда екінші ауысымдағы 0-4-класс оқушылары қашықтан оқуға көшеді, — делінген хабарламада.

Кеше бірінші ауысымның 0-9-класс оқушылары да қашықтан оқитыны хабарланған еді.

Естеріңізге салайық, елімізде 9 желтоқсаннан бастап нағыз қыз келетінін жазған едік.