0:1: «Қайрат» командасы «Олимпиакостан» жеңіліп қалды

Не болды?

9 желтоқсанда «Астана Арена» стадионында Алматының «Қайрат» футбол клубы мен Грекияның «Олимпиакос» командасы ойнады. Алматы клубы 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Мәлімет

Португалияның шабуылшысы Желсон Мартинш ойынның 73-минутында гол соқты.

Осылай, «Қайрат» жалпы есепте бесінші рет жеңіліп отыр. Команда қазіргі жиған ұпайы бойынша, 35-орында тұр. Ал 36-орында, яғни тізімнің ең соғында Голландияның «Аякс» командасы бар.

«Қайрат» командасы қаңтар айында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы екі ойынын өткізеді:

▪️ 20 қаңтарда Астанада Бельгияның «Брюгге» клубына қарсы;

▪️ 29 қаңтарда Лондонда «Арсеналға» қарсы.

Контекст

Естеріңізге салайық, бүгінгі матчта Дастан Сәтбаев ойнамады.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластарын мына жерден көргуе болады.