«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы: 50 медициналық нысан қолдануға берілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев айтты.

Денсаулық сақтау саласында 2023 жылдан бері 52 денсаулық сақтау нысаны салынды. Оның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 50 медициналық нысан пайдалануға берілді.

Кейінгі үш жылда салаға 442 дәрігер маман тартылып, оның 236-сы ауылдық жерге жолданған.

Медицина саласының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға 5,1 млрд теңге бөлініп, 100-ге жуық заманауи медициналық құрал-жабдықтар алынды. Нәтижесінде, облыстағы медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 83,8%-ға жетті, бұл өңірдегі медициналық қызмет сапасын едәуір арттырды, — деді облыс әкімі.