Елімізде кәсіпкерлерге берілетін «Мейірім» ордені тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылдан бастап қайырымды істерге мол үлес қосқан кәсіпкерлерге «Мейірім» ордені берілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып, қайырымды істерге мол үлес қосқаны үшін еліміздің үздік кәсіпкерлеріне берілетін арнайы марапат – «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Келер жылдан бастап залда отырған бірқатар кәсіпкер осы мәртебелі орденмен марапатталады, — деді президент «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде.

Естеріңізге салайық, биылдан бастап 29 қазан «Қазақстан кәсіпкерлері күні» болып ресми түрде бекітілген еді.