Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді

Не болды?

Алатау тауында бәйшешек гүлдеді. Бұл туралы Іле-Алатауы мемлекеттік табиғи паркі хабарлап отыр.

Мәлімет

«Қызыл кітапқа енген Алатау бәйшешегі (Crocus alatavicus) қыста гүлдеді. Әдетте бұл гүл наурыз–сәуірде шығады», — делінген жазбада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ILE-ALATAU_NATIONAL_PARK (@ile_alatau_nationalpark)

 Әдетте, бұл эндемикалық түр наурыз–сәуірде ғана көрінеді. Биылғы күннің жылы екені өсімдіктің ерте гүлдеуіне әсер етті.

Ұлттық парк туристер мен табиғат сүйетін қауымға өсімдіктерді жұлмау, таптамау және олардың табиғи ортасын сақтау керек екенін ескертті.

Бір айта кетерлігі, Қазақстанда 9 желтоқсаннан бастап нағыз қыс басталады.