Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатының тергеу нәтижесі қашан жарияланатынын айтты.
Қанат Бозымбаев ұшақ апатын тергеу екі бағытта жүргізілгенін айтып отыр. Оның сөзіне қарағанда, бас прокуратура қылмыстық құрамды, көлік министрлігі авиациялық апатты тергеген.
Көлік министрлігінің тергеуін аяқтауға дайынбыз, Биыл не келесі жылдың басында нәтижесі шығады. Бас прокуратураның тергеуінде де ілгерілеу бар. Келесі жылы аяқталады деп үміттенеміз, – деді Қанат Бозымбаев.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Баку-Грозный бағытындағы ұшақ Ақтауда құлады.
Ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі. Апаттан 38 адам қаза болып, 29 адам аман қалды.
Жолаушылардың толық тізімі жарияланды. Ұшақ бортында Қазақстанның алты азаматы болған. Барлығы қаза болды.
Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мемлекеттік комиссия құрылды.
Әуе апатынан қаза болған отандастарымыздың аты-жөні жарияланды.
