Бүгін еліміздің 12 қаласында ауа ластанады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлап отыр.
2025 жылғы 3 желтоқсанда Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында, түнде Астана, Петропавл, Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
