Күйші, композитор Нұрымбай Сүлейменұлы қайтыс болды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап отыр.
Нұрымбай Сүлейменұлы – табиғи талантымен халқының ыстық ықыласына бөленген, өскен ортасының рухани дәстүрін жалғаған дарынды өнер иесі еді. Нұрымбай Сүлейменұлының жарқын бейнесі мен шығармашылық мұрасы туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз, – делінген хабарламада.
Нұрымбай Сүлейменұлы – күйші, композитор, шертпе күй дәстүрінің көрнекті өкілі. Ол «Қайран әке», «Қарт толғауы», «Дала сыры», «Атамекен», «Ілем менің» сияқты 60-тан астам күй мен 20-ға жуық ән шығарған.
