Әлем чемпионы бір жыл бұрын уәде етілген пәтерді енді алды

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрғожа Қайпанов бір жыл бұрын уәде етілген пәтерді енді алды. Пәтерді Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Марат Өмірбекұлы табыстаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұрғожа Қайпанов пәтер берілмей жатқанын айтқан. Спорт журналисі Аслан Қаженов бұл жағдайды «Өте ұят жағдай» деген.

Сертификатты алып, пәтерді алмағанына бір жыл болыпты. Өте ұят жағдай. Әлем чемпионы әлі күнге дейін бауырының үйінде тұрады. Өз отбасы бар. Өз өмірі бар. Алайда біреудің баспанасын паналауға мәжбүр. Жаттығу үшін Талғардан Алматыға қатынап жүр. Қанша уақыт жоғалтады?! Қанша жүйке жұқартады?! Масқара ғой, — деп жазған журналист.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2024 жылы 70 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы болған.