Шымкенттен велосипедпен шыққан жігіт Меккеге жетті

Шымкенттен велосипедпен шыққан жігіт Меккеге жетті. Бұл туралы Ролан Анатоли Instagram-парақшасында хабарлап отыр.

18 жастағы блогер Ролан Анатоли Instagram-парақшасына видео жариялап, «Меккеге жеттім» деп жазды. Ол Шымкенттен Меккеге велосипедпен 49 күнде барған.

Баршаңызға жұғысты болсын. Мені қолдап-қолпаштаған, адал ниетімен дұғада болған баршаңызға Алла разы болсын. Мен мақсатыма жеттім, — дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 18 жастағы Шымкент тұрғыны Меккеге қазанда жолға шыққан. Әр өңірден өткен сайын тұрғындар Роланға көмектескен. Біреулер тамақ ұсынса, біреулер ақша берген.

Ролан сапарын әлеуметтік желіде жариялап отырды.