Orda сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова үй қамаққа алынды. Бұл туралы Гүлнәр Бажкенованың адвокаты Мұрат Адам хабарлап отыр.
Тергеу соты 2 ай үй қамаққа алу туралы шешім шығарды, – деп жазды Мұрат Адам Facebook парақшасына.
1 желтоқсанда Гүлнәр Бажкенованың үстінен «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы жасақ журналистің үйі мен Orda сайтының Алматыдағы редакциясын тінткен.
Осы жағдайдан кейін «Әділ сөз» сөз еркіндігін қорғау ұйымы «Журналистердің құқығын құрметтеуге және сөз еркіндігіне қысым деп бағаланатын кез келген әрекетке бармауға шақырамыз» деп мәлімдеме жасаған.
