Қазақстанда 9 мыңнан астам класс қашықтан оқып жатыр

Қазақстан бойынша 789 мектеп пен 9 526 класс уақытша қашықтан білім беруге көшті. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, онлайн оқуға ауысқан мектептер саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы алдыңғы орында. Бұл өңірде 133 мектепте 1 972 класс қашықтан оқу форматына өтті.

Аймақтар бойынша көрсеткіштер төмендегідей:

  • Қостанай облысы – 155 мектеп, 2519 класс

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 39 мектеп, 182 класс

  • Ұлытау облысы – 30 мектеп, 195 класс

  • Маңғыстау облысы – 5 мектеп, 82 класс

  • Ақмола облысы – 83 мектеп, 795 класс

  • Батыс Қазақстан облысы – 2 мектеп, үш класс

  • Жамбыл облысы – 44 мектеп, 1283 класс

  • Астана қаласы – 60 мектеп, 643 класс

  • Абай облысы – 123 мектеп, 952 класс

  • Қарағанды облысы – 28 мектеп, 182 класс

  • Атырау облысы – 9 мектеп, 158 класс

  • Павлодар облысы – 78 мектеп, 560 класс

Министрліктің хабарлауынша, сабақ форматын өзгерту ауа райына байланысты қабылданған. Онлайнға ауысқан кластарда оқу процесі үздіксіз жалғасады.