Қазақстанда 132 мектептегі 1 469 класс қашықтан оқытуға ауысты. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Сархат Бейсенова мәлімдеп отыр.
Оның айтуынша, елде жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың таралуы артып келеді. Әсіресе, оқушылар арасында сырқаттану көрсеткіші жоғарылаған. Осыған байланысты бірқатар класс уақытша онлайн оқу форматына көшірілген.
Республика бойынша 132 мектепте 1 469 класс қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Мектептердің өзі онлайн оқуға көшкен жоқ, тек оқушылардың 30% ЖРВИ себебімен сабаққа қатыспаған кластар уақытша қашықтан оқытылып жатыр, — деді Бейсенова ОКҚ брифингінде.
