Петропавлда зейнеткер банк ішінде өзін-өзі өртемек болды

Петропавлда 70 жастағы зейнеткер әйел бензин құйылған бөтелкемен банк бөлімшесіне келіп, өзін-өзі өртемек болған.

Бұл туралы Qazaqstan Media хабарлап отыр.

Оқиға 26 қараша күні түскі уақытта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткер бірнеше несие алып, ай сайынғы төлемін өтеуде қиындыққа тап болған. Сол себепті банк қызметкерлерімен төлемді төмендету мәселесін талқылауға келген.

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, банк қызметкерлері қауіпсіздік дабылын іске қосып, оқиға орнына полиция шақырған.

Қауіпсіздік қызметі әйел адамнан бензин құйылған ыдысты тартып алды. Ешкім зардап шеккен жоқ, — делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әйелдің әрекетіне құқықтық баға тексеру нәтижесінде беріледі. Сараптама барысында оның оқиға кезінде есі дұрыс болғаны және мас күйде болмағаны анықталды.