Ош қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қырғыз тіліне аударылған «Әке туралы сөз» кітабының тұсаукесері болды.
Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап отыр.
Кітапты таныстырған мәдениет министрі Аида Балаева екі ел президенттерінің сенімді және достық қарым-қатынасы саяси және экономикалық ынтымақтастыққа ғана емес, мәдени-гуманитарлық байланыстарға да жаңа серпін беретінін айтты.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қырғыз тіліндегі «Әке туралы ой-толғау» терең мазмұнды кітабының бүгінгі тұсаукесері — елдеріміздің әдеби байланыстарын сапалы жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам, — деді ол.
