Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасты:
- Қазақстан Республикасы үкіметі мен Түрікменстан үкіметі арасында мәдени-гуманитарлық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы үкіметі мен Түрікменстан үкіметі арасында көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түрікменстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында зейнетақымен қамтамасыз ету саласы бойынша ақпараттық ықпалдастық туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы әділет министрлігі мен Түрікменстанның әділет министрлігі арасында құқықтық саладағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түрікменстанның ауыл шаруашылығы министрлігі арасында ветеринария саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы мен Түрікменстанның ауыл шаруашылығы министрлігі астық дақылдары ғылыми-зерттеу институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;
- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі мен Түрікменстанның денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2026-2027 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспары;
- Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы әкімдігі мен Түрікменстанның Балқан уәлаяты әкімшілігі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы президенті жанындағы ұлттық ғылым академиясы мен Түрікменстанның ғылым академиясы арасында ғылым саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасының «Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК мен Түрікменстанның Телевизия, радио хабар тарату және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында ақпараттық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім.
