«ҚазАвтоЖол»: Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ел аумағындағы автожолдардың қазіргі жағдайына қатысты мәлімет таратты.

Солтүстік Қазақстан облысында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқандықтан, бірқатар жолда барлық көлік түрінің қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Компанияның хабарлауынша, толассыз жауын-шашын мен ауыр жүк көліктерінің қарқынды жүруі салдарынан KZ15-08 «Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы» автожолының Қостанай облысы шекарасынан Тимирязево ауылына дейінгі 0–30-шақырымында жол ойылып кеткен.

Бұдан бөлек, 5 қарашадан бастап тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында шектелді. Бұл шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46–66-шақырымындағы (Северное — Серебрянск) учаскеде енгізілген.

Компанияның мәліметінше, бұл шара таулы аймақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және қыс маусымы аяқталғанға дейін күшінде болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да