«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
2025 жылғы 19 қарашада Алматы, Астана, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Риддер және түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
