Цензураға ұшыраған. «Ауру» фильмі 3 күнде 417 млн теңге тапты

Не болды?

13–16 қарашада отандық «Ауру» фильмі көрсетілім бойынша көш бастап, алғашқы аптаның өзінде 417,8 млн теңге табыс тапты. Бұл туралы «Ауру» фильмінің парақшасы хабарлап отыр.

Мәлімет

Екінші орында америкалық фильм «Иллюзия обмана 3» тұр. Ол төрт күн ішінде 324,7 миллион теңге табыс тапқан. Үштікті «Жездуха Кореяда» комедиясы жалғастырып, 142,2 миллион теңге касса жинады.

Фильм қазір барлық кинотеатрда көрсетіліп жатыр, бірақ премьера күні цензураға ұшырады. Сеанстар тек түнгі 22:00-ден кейін көрсетіледі, ал аудиториясы 21+ деп шектелді.

Анықтама

«Ауру» — кредитке батып, халықтан ақша жинаған отбасы жайлы отандық драма, триллер. Қоюшы режиссеры — Айтөре Жолдасқали.