Бас прокуратура iPhone иелеріне ескерту жасады

Не болды?

Алаяқтар iPhone иелері арасында белсенді түрде таратып жатқан жаңа фишиң бар. Бұл туралы бас прокуратура хабарлап отыр.

Мәлімет

Қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығының мәліметіне қарағанда, алаяқтар Apple компаниясы атынан жалған хабарлама мен SMS жіберіп, азаматтарды алдап жатыр.

Шетел дереккөздердің хабарлауына қарағанда, алаяқтар жоғалған iPhone табылды деген мазмұндағы хабарлама жолдап, құрылғының моделі, түсі және жады көлемін көрсетеді. Хабарламада фишиң сілтеме жіберіледі. Ол Apple Find My сервисінің көшірмесіне апарып, пайдаланушының Apple ID логині мен паролін ұрлауға мүмкіндік береді, – делінген ақпаратта.

Мұндай деректермен алаяқтар iPhone мен қолданушының жеке ақпаратына оңай қол жеткізе алады.

Мамандар пікірі

Бас прокуратурада бұл қауіп белсенді тарала бастағанын айтты. Осыған байланысты мамандар келесі кеңестерді ұсынады:

  • күмәнді сілтемелерге өтпеу;
  • жоғалған құрылғымен байланыс ретінде жеке электронды пошта қолдану;
  • SIM-картаны PIN-кодпен қорғау;
  • құрылғының орнын тек ресми icloud.com/find сервисі арқылы тексеру.