Тоқаев Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

Не болды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мәлімет

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен шақырғаны және қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтты. Кездесу барысында мемлекет басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту жоспарын талқылады.

Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да