Қазақстан азаматы Вьетнамнан Астанаға ауыр халде жеткізілді

Не болды?

2025 жылғы 14 қарашада Вьетнамнан Астанаға 1973 жылы туған азамат медициналық авиациямен жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр.

Мәлімет

Отадан кейін геморрагиялық инсульт алған пациентті шұғыл тасымалдау қажет болған. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) медициналық авиация бригадасы азаматты Вьетнамнан елге алып келді. Ұшу барысында пациенттің жанында дәрігер Борис Сартаев пен фельдшер Ерұлан Құндақбаев болды.

Қазір науқас әрі қарай ем қабылдау үшін ҰШМҮО-ның нейрохирургия және неврология бөліміне жатқызылды.