ШҚО-да бораннан жабылған Күршім–Қалжыр жолы қайта ашылды

Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты уақытша жабылған жол қайта ашылды. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, облыстық маңызы бар Күршім – Қалжыр бағытындағы тасжолдың 65–131 шақырымы барлық көлік түрі үшін қайта ашылды.

ТЖД тұрғындарға ұзақ жолға шықпас бұрын ауа райы мен жолдардың ахуалын «Дәрмен» мобайл қолданбасы арқылы қадағалап отыруды ескертеді.