Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволды іздеу жұмыстары жөнінде айтты.
Оның айтуынша, Екатерина Биволдың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қазір халықаралық іздеу жарияланды. Сот сырттай қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдады. Біз арнайы арналар арқылы Ресей полициясымен байланысып отырмыз. Егер Биволдың әйелі ұсталған жағдайда, бас прокуратура арқылы экстрадиция мәселесі шешіледі, — деді Санжар Әділов сенат кулуарында.
Еске салайық, Екатерина Бивол әлеуметтік желіде әртүрлі ұлт өкіліне, соның ішінде қазақтарға да тіл тигізген. Бұған дейін Қырғызстан оны қамауға алуға ордер берген болатын.
