Не болды?
Атом энергетикасы агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазиннің айтуына қарағанда, комиссия байқауға келіп түскен 27 мың өтінімнің ішінен үздік нұсқаларды іріктеп жатыр. Қазақстандағы алғашқы АЭС атауы ай соңына дейін таңдалады.
Мәлімет
Әзірше бізге түскен атаулар әртүрлі. Байқау комиссиясының отырысы бәрін шешіп, нақтылайды. Менің ойымша, осы айдың соңына дейін атауы белгілі болады, — деді ол.
Ғұмар Серғазиннің мәлімдеуіне қарағанда, Қазақстандағы уран қоры 60 жылдан астам уақытқа жетеді. Оның айтуынша, елде шамамен 1 миллион тонна табиғи уран бар. Финляндиямен уран жеткізу туралы келіссөз жалғасып жатыр.
Контекст
Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы АЭС-ның атауы үшін халық арасында байқау жариялауды ұсынған еді.
АЭС атауын таңдау жөніндегі байқау шарттары мынадай болған
Энергия, Мойынқұм, Абай. Жаңа АЭС атауына 10 мың ұсыныс түсті.
