2025 жылғы 16 қарашада Алматыда маусымның соңғы City Run жүгіру жарысы өтеді. Биыл жарысқа 20 елден келген 2 500 адам қатысады.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, жарыс күні сағат 08:00–10:00 аралығында бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
-
Төле би көшесі Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін 15 қараша сағат 04:00-тен 16 қараша сағат 12:00-ге дейін толық жабылады.
-
Наурызбай батыр, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Шевченко және Құрманғазы көшелерінде қозғалыс кезең-кезеңімен сағат 08:00–10:00 аралығында тоқтатылады.
-
Балама бағыт – Мақатаев көшесі, мұнда екі бағытта да қозғалыс ашық болады.
