Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Оңғарсынова көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Атап айтқанда, 12 қараша сағат 13:00-ден 13 қараша сағат 23:00-ге дейін жолдың Мөңке би көшесінен Т. Рысқұлов даңғылы аралығындағы бөлігі жабылады.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақтайшалар орнатылады. Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
