Мәжіліс отырысында депутат Еділ Жаңбыршин ЛГБТ өкілдері депутаттарға қарсы ақпараттық шабуыл ұйымдастырғанын айтты.
Оның айтуынша, заң жобасы талқыланғаннан кейін бірқатар депутаттар — Асхат Аймағамбетов, Жанарбек Әшімжанов, Ардақ Назаров, Елнұр Бейсембаев және өзі әлеуметтік желілер мен сайттарда жалған ақпарат пен келемеждің нысанына айналған.
Бұл қасиетсіз топ қасиетті үйімізде ұлттық құндылықтарды аяққа таптады. Біздің жеке басымызға өтіп, келемеждеді. Арнайы контент таратылды. Бұл — заң шығарушы орган өкілдеріне қысым жасау, адам құқығын таптау, — деді депутат.
Едіге Жаңбыршиннің сөзіне қарағанда, кей сайттарда аталған депутаттар туралы «олардың өзі ЛГБТ» деген жалған айыптаулар жарияланған. Алайда ол нақты сайт атауын атамады.
Сонымен қатар депутат ЛГБТ және феминистік қозғалыстарды «ұлттық құндылықтарды жоюға бағытталған және шетелден қаржыландырылады» деп бағалады.
Бүгінге дейін ұлттық құндылықтарды жоюға бағытталған әсірефеминистік, ЛГБТ қауымдастық топ жоспарлы түрде шетелден миллиондаған доллармен қаржыландырылады, — деді Едіге Жаңбыршин.
Ол бұл мәселеге байланысты құзырлы органдарға ресми арыз түсіргенін айтты.
