Не болды?
Қызғылт қоқиқаз ұя салатын Қорғалжын қорығына баратын жол жөнделді. Енді туристер ЮНЕСКО-ның табиғи нысанына жылдам әрі қауіпсіз жете алады. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мәлімет
Ақмола облысында республикалық маңызы бар «Астана – Қорғалжын (Қорғалжын қорығына кіреберіс жағымен)» автомобиль жолының 19–58 шақырым аралығындағы орташа жөнделіп бітті.
Бұл жол учаскесі елорда мен жыл сайын қызғылт қоқиқаз ұя салатын Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығын байланыстырады. Қорық — ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген және Қазақстандағы ішкі экотуризмнің басты бағыттарының бірі.
Бұған дейін қорыққа апаратын жолдың жағдайы өте нашар болған. Туристер мен жергілікті тұрғындар оны «жойылған жол» деп атаған. Сондықтан бұл жолды жөндеу тек жергілікті халық үшін емес, өңірдегі ішкі туризмді дамыту үшін де қажет.
Жөндеу барысында:
-
274 513 шаршы метр жаңа асфальт-бетон төселді;
-
жолдың 20-шақырымында заманауи бағдаршам жүйесі мен шамдар орнатылды;
-
Целиноград ауданының Ақмол ауылы арқылы өтетін жол бойына шамжар қойылды;
-
50 техника мен 60 маман жұмысқа тартылды;
-
жергілікті құрылыс материалдары қолданылып, шығын азайып, аймақтық өндірушілер қолдау тапты.
Естеріңізге салайық, 2025 жылғы 12 қарашада сағат 08:00-де республикалық маңызы бар бірнеше автожол учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс қайта жанданды.
