«ҚазАвтоЖол»: Бірқатар өңірде автожолдар қайта ашылды

2025 жылғы 12 қараша сағат 08:00-де республикалық маңызы бар бірнеше автожол учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс қайта жанданды.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлап отыр.

Ашылған жолдар:

  • Ақмола облысы: «Астана–Қарағанды–Алматы» автожолының 30–92-шақырым аралығы (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысы шекарасына дейін);

  • Қарағанды облысы: «Астана–Қарағанды–Алматы» автожолының 92–164-шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін).

Сонымен қатар Ақмола облысында жылдамдық режиміне өзгерістер енгізілді:

  • «Астана–Қарағанды–Алматы» автожолының 30–92-шақырымында жылдамдық шектеуі 60-тан 80 км/сағ-қа дейін ұлғайтылды;

  • «Астана–Көкшетау–Петропавл–Ресей шекарасы» автожолының 19–231-шақырымында (Астана–Щучинск бағыты) жылдамдық шектеуі 110-нан 80 км/сағ-қа дейін төмендетілген күйінде сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында 5 қарашадан бері тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелген. Бұл шара «Өскемен–Алтай–Катонқарағай–Рахман қайнары» автожолының 46–66-шақырымында (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) күшінде және қыс аяқталғанға дейін сақталады.

Жүргізушілерге жолда ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жылдамдық режимін және арақашықтықты қатаң сақтау қажет, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да