«Арсенал» – «Қайрат» матчы: билет бағасы белгілі болды

«Арсенал» – «Қайрат» матчының билеттері 21 қарашада сатылымға шығады. Бұл туралы sports24.kz сайты хабарлап отыр.

Клубтың ресми сайтындағы мәлімет бойынша, матч «В» санатына жатқызылған. Билеттердің бағасы 44,80–80 фунт стерлиң (шамамен 30–50 мың теңге) аралығында белгіленген. Алдын ала сатылым 21 қарашада басталса, жалпы сатылым кейінірек ашылады.

«Арсенал» мен «Қайрат» арасындағы кездесу 2026 жылғы 29 қаңтарда Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтеді.

Еске салайық, бұған дейін алматылық команда «Интермен» сырт алаңда ойнап, 1:2 есебімен жеңіліп, италиялық баспасөзді өз ойынымен таңғалдырған болатын. Төрт тур қорытындысы бойынша «Қайрат» турнир кестесінде бір ұпаймен 34-орында тұр.