Павлодар облысында автобус аударылып, бір адам қаза болды. Бұл туралы Павлодар облысы полициясы хабарлап отыр.
Оқиға 7 қарашада Павлодар–Қызылорда автожолында – Шідерті кентінен 10 км жерде болған. Автобус жол жиегіне аударылған.
Жол апатынан бір жолаушы көз жұмып, тағы алты адам түрлі дене жарақатын алды, – делінген полиция хабарламасында.
Қазір тергеу амалдары басталған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
